Kyzylorda-news.kz. ​​​Қызылорда облысы Полиция департаментінің Шиелі аудандық полиция бөліміне аудан тұрғыны арызданды.​

Азаматшаның айтуынша,​ бейтаныс әйел​ оны көрген сәттен​ «сенде дуа бар, емдеп берейін» – деп, сеніміне кіріп, оның​ қымбат​ алтын бұйымдарын алдап алған. Көп уақыт өтпей «емші»​ ізін суытқан. ​Азаматшаға келтірілген шығын көлемі 500 мың теңгені құрайды.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде осы қылмысқа күдіктелген​ Қарағанды​ облысының тұрғыны​ ұсталды.​ Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.​ ​ ​

Тағы да оқыңыз: