Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы Полиция департаментінің Шиелі аудандық полиция бөліміне аудан тұрғыны арызданды.
Азаматшаның айтуынша, бейтаныс әйел оны көрген сәттен «сенде дуа бар, емдеп берейін» – деп, сеніміне кіріп, оның қымбат алтын бұйымдарын алдап алған. Көп уақыт өтпей «емші» ізін суытқан. Азаматшаға келтірілген шығын көлемі 500 мың теңгені құрайды.
Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде осы қылмысқа күдіктелген Қарағанды облысының тұрғыны ұсталды. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.