Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласындағы 4 емхананың жанынан бастапқы психикалық денсаулық орталығы ашылып, қызмет көрсетуде.

«Негізгі мақсат – тұрғындарға психикалық көмектің қолжетімділігін арттыру, стигматизацияны болдырмау, адам денсаулығына қауіпті диагнозды бастапқы кезеңінде анықтап, бекітілген алгоритм бойынша қажет болған жағдайда психиатр мамандарға жолдама беру. Орталықтарда ем алушыларға тегін дәрі мен психологиялық кеңес беріледі», – деді облыстық психикалық денсаулық орталығы бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Гүлайым Сейлханова.

Бүгінде облыстық психикалық денсаулық орталығында 665 төсек орындық стационар жұмыс жасайды. Оның 255-і наркологиялық стационарға тиесілі. Наркологияда сот үкімімен, мәжбүрлі түрде ем алушыларға арналған 100 орындық бөлімше бар. Сондай–ақ, анонимді түрде ем алғысы келетін азаматтарға «Ақылы» бөлім қызмет көрсетеді. Орталықта жыл сайын 1500-ға жуық науқас ем қабылдайды.

Тағы да оқыңыз: