Kyzylorda-news.kz. Науқастарға амбулаторлы жағдайда медициналық көмектің қолжетімдігін қамтамасыз ету мақсатында және динамикалық бақылауды қажет ететін науқастарды үй жағдайында бақылау үшін облыс бойынша 125 мобильді топтар ұйымдастырылған болатын.
Оның ішінде 33 қалада, 28 аудан орталықтарында және 64 елді мекендерде халыққа қызмет көрсетіп келеді.
Қазіргі таңда елді-мекендерге қосымша 36 мобильді топ қосылып, шалғай ауылдардағы мобильді топ саны барлығы 100-ге жеткізілді. Ал, жалпы саны 161-ге жетті.
Мобильді топ құрамына 1 дәрігер, 1 орта буын қызметкері және 1 жүргізуші кіреді. Одан бөлек, ағымдағы жылдың 13 шілдесінен бастап пневмония диагнозы қойылып, амбулаторлы емді қажет ететін науқастарға «Үй жағдайындағы стационар» қызметі қосылған болатын. Бүгінгі таңда аталған қызмет 7 БМСК ұйымында (№1,6 қалалық емхана, «Сенім» ЖШС, Арал, Қармақшы, Жаңақорған аудандары және «Қазалытеміржол» ЖШС) іске қосылған.