Kyzylorda-news.kz. Бұған дейін Бахыт Алтайыр Мақсатұлының 27 сәуір күні жоғалып кеткенін хабарлаған болатынбыз.
Бүгін баланың денесі табылды. Ол жеке тұрғын үйдің көше бетте орналасқан кәріз құдығына түсіп кеткен.
«Бүгін, 29 сәуір күні жергілікті уақыт сағат 11:00 шамасында жеке тұрғын үйдің кәріз құдығынан жоғалған баланың денесі табылды. Қажетті сот – медициналық сараптамалар тағайындалды. Баланың денесінде көзге көрінетін зорлық – зомбылық белгілері байқалмаған. Орын алған оқиға бойынша тергеу басталды. Тергеу әрекеттері менің жеке бақылауымда. Кішкентай Альтаирдың ата – анасы мен туыстарының ауыр қайғыларына ортақтасып, шын жүректен көңіл айтамын», дейді Қызылорда облысы полиция департаментінің бастығы Бектөре Сұлтан.