Kyzylorda-news.kz. Оқиға 19 маусым күні қала орталығында орын алған. Белгісіз біреу дүкеннің терезесін сындырып, сейфтен ақша жымқырған. Жәбірленушіге 500 мыңнан астам теңге залал келтірген.

Жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде тәртіп сақшылары ізін суытпай күдіктіні анықтады. Ол облыс орталығының тұрғыны болып шықты. Қазіргі таңда күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-баптың 3-бөлігінің 3-тармағына сәйкес (Тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға заңсыз кiрумен жасалған ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», – делінген полиция департаментінің хабарламасында.

Тағы да оқыңыз: