Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысының Полиция департаменті қызметкерлерімен жүргізілген жедел іс-шаралар барысында жыл басынан экстремистік бағытта 6 қылмыстық құқық бұзушылық анықталды.

Сонымен қатар, деструктивті діни ағым ұстанушыларына қатысты 2 қылмыстық дерек тіркелді.

“Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерімен жүргізілген жедел іздестіру іс-шаралары барысында деструктивті діни ағым ұстанушысының қаруды сақтау ережелерін бұзғаны анықталған. Оған тиісті шара көріліп, қаруы тәркіленді. Есепті мерзімде деструктивті діни ағым ұстанушылармен жасалған 59 әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталды”, делінген полиция департментінің хабарламасында.

Тағы да оқыңыз: