Kyzylorda-news.kz. «Ақмешіт-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі дәрі-дәрмектерге бағаның негізсіз көтерілуінің алдын алу мақсатында мониторинг жұмыстарын жүргізіп жатқандығын хабарлайды.
Тұтынушыларға дәрілік заттардың бағаларын QR код арқылы көруге болатын ақпараттық парақшаларды Қызылорда қаласындағы дәріханалардың ақпараттық тақталарына ілу жұмыстары жүргізілді.
Егер дәріханадан сатып алынған дәрі-дәрмектердің бағасы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігімен бекітілген шекті бағадан асқан жағдайда жобалық кеңсесінің WhatsApp нөміріне +7 777 340 87 34 хабарласуға болады.