Kyzylorda-news.kz. Кызылорда облысында Төтенше жағдайы кезінде 377 құқық бұзушы анықталды.

Төтенше жағдайға байланысты Қызылорда облысы Полиция департаментінің жеке құрамы ерекше түрде жұмыс атқарып келеді.

Облыс бойынша төтенше жағдай режимін бұзудың (ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабы) 244 құқық бұзушылық дерегі тіркелді. Сот шешімімен 21 құқық бұзушыға ескерту берілсе, 44-не айыппұл салынды, 159-і әкімшілік қамаққа алынды, 20 әкімшілік іс сотта қаралуда. Ал Қазақстан Республикасының бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасын бұзудың (ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабы) 127 дерегі анықталып, 13 құқық бұзушыға ескерту, 11-не айыппұл, 92-не әкімшілік қамаққа алу түріндегі тәртіптік шаралары көрілді, 11 әкімшілік іс сотта қаралуда. Арнайы жедел-тергеу тобы құрылып, бүлікке қатысқан 96 адамның үстінен 53 қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер УҰИ-на қамауға алынды.

Төтенше жағдай режимі кезіндегі талаптардың сақталуын қадағалау мақсатындағы жұмыстар жалғасуда.

Тағы да оқыңыз: