Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша орнатылған стационарлы жылдамдық өлшегіш құрылғылары 11 маусым сағат 20:00 бастап 5 жерде жұмыс жасайтын болады.

Атап айтар болсақ:

Н.Назарбаев даңғылы (Заводская тұсы)
Тәуелсіздік даңғылы (Ғ.Мұратбаев көпір асты)
Тәуелсіздік даңғылы (Арай №2 үй тұсына)
Яссауи көшесі (Ғ.Мүсірепов көшесі тұсы)
Бейбарыс көшесі (№9 көп қабатты үй жанына).

Барлық құрылғылардың алдына ескерту белгілері орнатылды. Осыған байланысты жүргізушілер жол жүру ережелерін бұзбай, жылдамдық режимін сақтауды және ескерту белгілеріне назар аударуы қажет.

Қалған 8 жердегі құрылғылар кезең-кезеңмен іске қосылады.

Тағы да оқыңыз: