Kyzylorda-news.ru. Қызылорда облысы бойынша жыл басынан бері мемлекеттік әкімшілік қызметке кіруге үміткерлерді тестілеуге 1585 адам қатысып, олардың қатарынан 575 үміткер (36,3%) және құқық қорғау органдарына алғаш кіретін азаматтарды тестілеуге 1266 адам қатысып, олардың 576-ы (45,5%) шекті мәннен төмен емес нәтижеге ие болды.

Департамент тарапынан тестілеуге келген азаматтарға қолайлы жағдай жасау мақсатында күту залы қарастырылған. Күту залында тестілеу бағдарламалары мен заңнамалары туралы стендтер ілініп, заңнама актілерінің жинақтары мен брошюра қойылған. Карантиндік талаптарды сақтау мақсатында күту залына кіреберісте антисептик орналастырылып, орындықтар арасында әлеуметтік қашықтық сақталған.

Айта кету керек, биыл мемлекеттік қызмет және құқық қорғау органдарына түсетін үміткерлердің қайта тестілеу уақытына өзгерістер енгізілді. Өзгерістерге сәйкес қайта тестілеудің уақыты қысқартылып, тестілеудің теріс нәтижесін алған азаматтар тестілеу өткен күннен бастап күнтізбелік он бес күннен кейін тестті қайта тапсыру мүмкіндігіне ие болды. Биылғы жылға дейін қайта тестілеуге бір айдан кем емес мерзімнен кейін ғана жол берілетін.

Тағы да оқыңыз: