Kyzylorda-news.kz. Биыл Қызылорда облысында 202 жаңа жұмыс орнын қамтитын 3 жобаны іске қосу жоспарлануда.

Ағымдағы жылдың қараша айында «Арал сервистік-дайындау орталығы» серіктестігінің тауарлық балықты өңдеу жобасының І кезеңі пайдалануға берілді. Ал қалған 2 жоба жыл соңына дейін іске қосылады. Келер жылдың наурыз айында кальцийлендірілген сода өндіру зауытының құрылысы басталмақ. Аталған өндіріс айналасында химиялық кәсіпорын құрылады. Яғни, ас содасы, жуу құралдары, еріткіштер, химикаттар өндіріледі.

“Өңірде «2023 жылға дейінгі облыстың экономикалық дамуының» жоспары бекітілді. Жоспар аясында құны 271 млрд.теңгені құрайтын 265 инвестициялық жоба іске асырылатын болады.Ал биыл 110 жоба жоспарланған болса, оның қазір 71-і іске қосылды. Айта кету қажет, олардың ішінде инновациялық жобалар да бар. Бұл – ет консервілері мен түрлі кашалар, антисептиктер, сұйық сабын мен сұйық травертин өндірісі”, – деді облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Ринат Сұлтангереев.

Тағы да оқыңыз: