Kyzylorda-news.kz. «Birge taza Qazaqtan» экологиялық акциясы аясында Қызылорда қаласындағы денсаулық және демалыс саябағында өткізілген ағаш отырғызу акциясына басқарма мен Қызылорда орман шаруашылығы мекемесінің қызметкерлері қатысып, белгіленген аумақта туя, терек және сыр талы ағаштарын екті.

Бұл экологиялық акция 19 мамырынан бастау алып 2 ай жалғасын табатын болады. Акцияға 6 000 ға жуық мекеме қызметкерлері, түрлі кәсіпорындардың еңбек ұжымдары, еріктілер мен тұрғындары қатысты.

Бұдан әрі бұл акция облыстың барлық елді мекендерінде әр аптаның сенбі күні бүкілхалықтық сенбіліктермен, тазалық акцияларымен және өзге де көркейту-көгалдандыру шараларымен жалғасын табатын болады.

Тағы да оқыңыз: