Қызылордада бір тәулікте 68 нәресте дүниеге келді – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Қызылордада бір тәулікте 68 нәресте дүниеге келді

02.01.2021, 0:19

454 0

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында желтоқсанның 31-і сағат 08:00-ден 1 қаңтар сағат 08:00-ге дейін барлығы 68 нәресте дүние есігін ашты. 68 сәбидің 35-і ұл, 33-і қыз бала.

Оның ішінде желтоқсанның 31-нен қаңтардың 1-не қараған түні 13 сәби дүниеге келді. Жаңа жылмен тұспа-тұс дүниеге келгендердің 8-і ұл, 5-уі қыз бала.

Бүгінде барлық аналар мен нәрестелердің жағдайы дәрігерлер бақылауында.

0

Пікір қалдыру