Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы бойынша «Қару» жедел профилактикалық іс-шарасы өтуде.

Аталған шараның алғашқы күнінде 1116 қару иелері тексеріліп, 19 құқықбұзушылық анықталды. Рейд барысында заңсыз айналымнан 7 қару тәркіленді.

Атап айтар болсақ, 16 наурыз күні Сырдария ауданының 24 жастағы тұрғынынан тіркеуде жоқ 1 ұңғылы 12-калибрлі нөмірі өшірілген аңшы мылтығы алынды. Сонымен қатар Екпінді ауылында 36 жастағы тұрғыннан ІІО-да тіркеуде жоқ 2 ұңғылы 16 калибрлі нөмірі өшірілген аңшы мылтығы алынды.

Бұл азаматтарға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабымен (Қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы) әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Сонымен қатар шара барысында қару сақтау ережесін бұзған 4 азаматқа, қару тасымалдау және тіркеу ережелерін бұзған 8 азаматқа әкімшілік шара көрілді.

Тағы да оқыңыз: