Kyzylorda-news.kz. Қызылордада жедел басқару орталығымен бір аптада 553 құқық бұзушылық анықталды.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының Жедел басқару орталығында полицейлер тәулік бойы үздіксіз өз жұмыстарын атқарып келеді. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен тәртіпті сақтау мақсатында анықталған құқық бұзушылықтар бойынша жедел жұмыстарды жүзеге асырады. Бір аптада 102 нөмеріне 1056 хабарлама келіп түсті.

Ал, жедел басқару орталығының көмегімен 553 құқық бұзушылық анықталды.Оның ішінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік кұқық бұзушылық кодексінің 593-бабымен (Жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау) 317 жүргізуші, 591-бабының 1-бөлігімен (Көлiк құралын басқару кезiнде жүргiзушiнiң телефонды не радиостанцияны пайдалануы – бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады) 54 жүргізуші, 600-бабының 1-бөлігімен (Жол жүрісінде басымдықты пайдаланатын көлiк құралдарының жүргiзушiлерiн қоспағанда, жол жүрiсi қағидаларының жаяу жүргiншiлерге немесе жол жүрiсiнiң өзге де қатысушыларына жол беру талаптарын орындамау) 25 жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылды.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 188 бабының 1 бөлігі (Ұрлық) және 293 бабының 1 бөлігімен (Бұзақылық, яғни қоғамдық тәртіпті қоғамды құрметтемеу анық көрінетін, азаматтарға күш қолданумен не оны қолдану қатерін төндірумен, сол сияқты бөтеннiң мүлкiн жоюмен немесе бүлдiрумен не барынша арсыздықпен ерекшеленетiн әдепсiз әрекеттер жасаумен ұштасқан аса қатыгездікпен бұзу) 2 қылмыс ашылды.

«Біздің орталық өз жұмысын ешқашан кідіртке немес. Сондықтан сеніммен айта аламын, Қызылорда қаласы тұрғындарының тыныш ұйқысы мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында өз жұмысымызды одан әрі де жалғастыра береміз», – дейді Қызылорда қалалық Полиция басқармасының Жедел басқару орталығының бастығы, полиция майоры Берікбол Еримбетов.

Тағы да оқыңыз: