Kyzylorda-news.kz. Қызылордада бір адамнан Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы анықталды.
Жыл басынан бері бүгінгі күнге дейін 205 адамды кене шаққан. Олардың арасынан 3 адам Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруына күдікті болған еді.
«Науқастардың 1-нің диагнозы зертханалық, эпидемиологиялық және клиникалық жолмен нақтыланды. Ал 2-нің диагноздары зертханалық зерттеу қорытындысы теріс болуына байланысты өзгертілді», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау депаратаментінің баспасөз қызметі.
Былтыр өңірде 12 адамнан Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы анықталған еді. Биыл өңірде 116 елді мекенде кенелер көбеюі мүмкін деген қауіп бар. Атап айтқанда, аудандар бойынша Аралда – 25, Жаңақорғанда – 19, Шиеліде – 16, Қазалыда – 14 елді мекен болса, қалғаны өзге аудандарда орналасқан. Бұл елді мекендердің залалсыздандыру іс-шараларына жергілікті бюджеттен қаржы қарастырылған.