Kyzylorda-news.kz. Сыр өңірінде Дәулет Тапалов басқаратын «Louis Beton KZ» ЖШС мемлекет тарапынан қолдау тауып, өз жұмысын бастады.
Аталған бетон зауыты – бетон құю үшін құм, қиыршық қоспалар, ұшпа күл, шлак және цемент сияқты әртүрлі компоненттерді біріктіретін кешен болып табылады.
Кәсіпкер Дәулет Асанұлы бұл кәсіпті бастау үшін «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы арқылы 6%-дық несие алып, бизнесін кеңейтіп отыр.
Айтуынша бетон секілді құрылыс материалдары әрдайым сұранысқа ие болады. Егер өнімнің жоғары сапасы мен кәсіпорынның тұрақты жұмысына қол жеткізілсе, тұтынушылар қатары артатын көрінеді.
Қазіргі уақытта зауытта барлық түрдегі темір-бетон бұйымдары, стандартты емес көлемдегі жабын плиталары, жол және тротуар жиектері, барлық маркалы тауарлық бетондар дайындалады. Сондай-ақ, кәсіпорын Жаңақорған қиыршық тастарын және түрлі маркалы цементті сатумен айналысады.
Кәсіпорынның өз қызметінің барлық салаларында айтарлықтай өндірістік тәжірибесі, өзінің жоғары білікті басқару қызметі, инженерлік персоналы бар жұмысшы кадрлар жетерлік.