Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласындағы ЗК-169/4 мекемесінде жазасын өтеуші анасының қазасына барып қайтты.

Ол 9 жылға бас бостандығынан айырылған. Осы мекемеде 2016 жылдың бастап жазасын өтеуде. Шілденің алғашқы күнінде оның Жаңаөзен қаласында тұратын анасы ауырып қайтыс болды. Анасының қайтыс болуына байланысты азамат Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 113-бабының 1- бөлігіне сәйкес, қысқа мерзімді мекеме аумағынан тыс жерге шығу құқығы беріліп, анасының жерлеу рәсіміне қатысып қайтты.

«Анамның ауырып қайтыс болуына байланысты, мекеме әкімшілігіне өтініш жаздым. Осы өтінішімнің негізінде, заң талаптарына сәйкес, 3 күнге қысқа мерзімді мекеме аумағынан тыс жерге шығу құқығы беріліп, анамның жерлеу рәсіміне қатыстым. Заң талаптарына сай мүмкіндік берген департамент басшылығы мен мекеме әкімшілігіне алғысым шексіз», – деді ол.

Тағы да оқыңыз: