Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласында қатты желдің салдарынан көпқабатты тұрғын үй балконының шатыры құлады.
Оқыс оқиға Титов кентіні Қоғалы көшесіндегі бес қабатты тұрғын үй маңайында орын алған.
«Бесінші қабаттағы №48-ші пәтердің балконы шатырының аумағы 14 шаршы метрді құрайды. Оқиға салдарынан «Chevrolet Nexia» жеңіл автокөлігі зақымданған. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаменті мен Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері барды», – деп мәлім етті Төтенше жағдайлар департаментінен.



