Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында 73 елді мекеннің мемлекеттік органдарына интернет жылдамдығын арттыру үшін талшықты-оптикалық кабелі тартылды.

Сондай-ақ, 64 ауылдық әкімдік, 72-і білім беру мекемесі және 69 медициналық мекемесі байланыс желісіне қосылды. “Билайн” операторы Арал ауданындағы Тоқабай, Қызылжар және Қазалы ауданындағы Шәкен ауылдарына базалық станциясын іске қосты. Ал «Кселл» операторы Жаңақорған ауданының Қосүйеңкі ауылында, Арал ауданының Бекбауыл, Құмбазар ауылдарына орнатты. Бұған қоса, жыл соңына дейін қосымша 21 ауылда іске қосылады деп күтілуде. Яғни,16 елді мекенге базалық станция орнатылып, 5 елді мекенде жұмыс істеп тұрған станциялар қайта жаңғыртылатын болады.

“Провайдерлік компаниялардың өкілдері интернетті қамтамасыз етуге барынша күш салуда. Сондай-ақ, “Билайн”, “Кселл” компанияларымен қолда бар 2G радиорелейкаларын 3G және 4G-ге жаңғыртуға және бір оператордың қолданыстағы базалық станцияларын басқа екі компанияға қосу үшін жұмыс істеуде. Сонымен қатар, “bailanys bar” мобильді қосымшасы іске қосылды. Бұл қосымша арқылы әр тұрғын интернеттің жылдамдығын тексере алады”, -деді облыстық цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Юлия Тремасова.

Тағы да оқыңыз: