Kyzylorda-news.kz. 22 шілдеде таңертең және күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай, шаңды дауыл болып, бұршақ жауады, деп хабарлайды “Қазгидромет” РМК Қызылорда облысы бойынша филиалы.
“Жел солтүстік-батыстан соғады, кей жерлерде 15-20, екпіні 23 м/с. Күндіз 40-43 градус қатты ыстық, өте жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында 22 шілдеде күндіз 40-41 градус қатты ыстық болады”, делінген хабарламада.
