Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды.
Синоптиктердің хабарлауынша, 12 тамызда күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз күші кей жерлерде 15-20 м/с. Күндіз өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Дабылды ескертудің ықтималдылығы 95-100%.