Kyzylorda-news.kz. Сейсенбі күні антициклон республиканың батыс жартысына әсерін сақтайды, сондықтан күн ашық болады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Шығыста өңірдің біршама бөлігінде та қар, жаңбыр жаууы ықтимал. Ал еліміздің оңтүстік-батысында, солтүстігінде жел күшейеді, оңтүстік-батысында шаңды дауыл тұрады, солтүстігінде, шығысында, оңтүстік жартысында және орталығында тұман түсіп, солтүстігінде – көктайғақ, жаяу бұрқасын болады.
Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-20 м/с күшейеді, облыстың солтүстігінде, батысында – көктайғақ, жаяу бұрқасын.
Түнде және таңертең Ақмола облысының оңтүстік-шығысында тұман түседі, көктайғақ, таңертең және күндіз солтүстігінде желдің күшеюі 15-20 м/с дейін күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, орталығында, Қарағанды облысының солтүстігінде және батысында тұман түседі, облыстардың шығысында және оңтүстік-шығысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Күндіз Қызылорда облысының орталығында, Маңғыстау облысының оңтүстік-шығысында, Атырау облысының оңтүстік-батысында желдің екпіні 15-20 м/с жетеді, шаңды дауыл соғуы мүмкін.
Жамбыл облысының шығысында және таулы аудандарында тұман күтіледі, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді.
Алматы облысының солтүстігінде тұман, шығысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында жел 15-20 м/с күтіледі.
Түнде Қостанай облысының солтүстік-шығысында тұман түседі, Павлодар облысының түнде оңтүстігінде, күндіз солтүстігінде көктайғақ болады.