Kyzylorda-news.kz. Бүгін сағат 08:30 шамасында №1 бағытта қатынайтын автобус «Тойота Камри» маркалы автокөлігімен соғысты.

Оқиға 14 ақпанда сағат 08:30 шамасында Қызылорда қаласы Бөкейхан – Көшербаев көшелерінің қиылысында орын алған. «Тойота Камри» маркалы автокөлігі қоғамдық көлікке жол бермей, соқтығысқан. Салдарынан 6 адам медициналық мекемеге жеткізілді.

«Қайтыс болғандар жоқ. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабының 2-бөлігімен (Абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян келтiруге әкеп соққан жол жүрісі қағидаларын бұзу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды», деп хабарлайды Қызылорда облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тағы да оқыңыз: