Қызылордада автобус аялдамада адам қағып кетті – Kyzylorda News
Басты бет

Қызылордада автобус аялдамада адам қағып кетті

06.01.2020, 16:20

646 0

Kyzylorda-news.kz. Қызылордада бағдарлы жолаушылар автобусы аялдамада адам қағып кетті. Оқыс оқиғадан жарақат алған адам медициналық мекемеге жеткізілді.

Оқыс оқиға Қызылорда қаласындағы Тоқтыбаев көшесінің бойындағы аялдамада болған. Сол жерде қоғамдық көлік екінші автобусқа соғылып барып, аялдамада тұрған әйел адамды да қағып кеткен.

«Аталған дерек бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 610-бабының 2-бөлігімен әкімшілік хаттама рәсімделді», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық полция департаменті бастығының бірінші орынбасары Шәмшидин Әмитов.

Бұдан бұрын Қызылордада 2019 жылдың қазан айында бағдарлы жолаушылар автобусы адам қағып, ол қайтыс болған еді.

0

Пікір қалдыру