**[Kyzylorda-news.kz.](https://kyzylorda-news.kz/)** **Қызылордада бағдарлы жолаушылар автобусы аялдамада адам қағып кетті. Оқыс оқиғадан жарақат алған адам медициналық мекемеге жеткізілді.** Оқыс оқиға Қызылорда қаласындағы Тоқтыбаев көшесінің бойындағы аялдамада болған. Сол жерде қоғамдық көлік екінші автобусқа соғылып барып, аялдамада тұрған әйел адамды да қағып кеткен. > _«Аталған дерек бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 610-бабының 2-бөлігімен әкімшілік хаттама рәсімделді», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық полция департаменті бастығының бірінші орынбасары Шәмшидин Әмитов._ Бұдан бұрын Қызылордада 2019 жылдың қазан айында бағдарлы жолаушылар автобусы адам қағып, ол қайтыс болған еді.