Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қалалық Полиция басқармасының кезекші бөліміне алаяқтардың құрбаны болған қала тұрғыны арызданды.
Арызданушының айтуынша, белгісіз бір әйелдер оның ұялы телефонынан мобильді қосымша арқылы 1 млн. теңге несие рәсімдеп алған.
Алаяқты ұстау мақсатында полиция қызметкерлері барлық қажетті жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, нәтижесінде облыс тұрғындары ұсталды.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша, Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 190-бабының 2-бөлігі 1-тармағы (Алаяқтық, адамдар тобының алдын-ала сөз байласуымен) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдіктілерге қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды.
Қазір қоғамда алаяқтық жолымен жеңіл пайда тапқысы келетіндер өте көп. Оларға алданып қалмау үшін, оларға сенбеу керек. Қызылорда қалалық Полиция басқармасы алаяқтарға алданбай, өз-өздеріңізге сақ болуды ескертеді.
