Kyzylorda-news.kz. Қызылордада үш жылдан астам уақыт бойы жергілікті тұрғындарды алдап келген әйел сотталды.

Ол 2016 жылдан бері алаяқтықпен айналысып келеді. Ол тұрғындарды жұмысқа орналастыру, мемлекеттік сатып алу конкурсынан жеңіп шығуына ықпал жасау, ірі көлемде несие алу секілді жеңілдіктер боынша көмек көрсететінін айтып, тұрғындардан қомақты қаржы алған.

«Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Қызылорда қаласының тұрғыны, 1986 жылы дүниеге келген әйел қолға түсті. Ол кінәсін толығымен мойындады және оның бұрын да сотты болғаны анықталды. Оған қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабының 3-бөлігінің 4-тармағы (бірнеше рет жасалған алаяқтық) бойынша іс қозғалды. Қызылорда қаласының №2 сотының үкімі негізінде айыпталушыға 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот оған жәбірленушілерге келтірілген шығынды заңмен белгіленген тәртіппен өтеуді міндеттеді», – деп мәлім етті Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тағы да оқыңыз: