Kyzylorda-news.kz. Бүгінде Қызылорда облысында ахуал тұрақты. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Террористік актіге қарсы операция жұмысы әлі де жалғасып жатыр. 5 қаңтардан бүгінге дейін 391 азамат полиция органдарына жеткізілді. Ал, 62 азамат уақытша қамау изоляторына қамалды. Төтенше режим талабын бұзған – 82 адам анықталды.

Блок-бекеттерден тәртіп бұзғандар жоқ.

Жансақтау бөлімінде жатқан азаматтар стационарға ауысуда.  5 қаңтардан бері 204 азамат медициналық көмекке жүгінсе, солардың 48-ы емханада ем алса, 9-ы жансақтау бөлімінде жатыр.

Барша Сыр елінің азаматтарынан тәртіпті сақтап, үйде болуға шақырамыз. Аса қажет жағдайда жеке куәліктеріңізбен шығуларыңызды сұраймын. Қиын кезеңнен бірлікпен шығайық. Біздің күшіміз бірлікте!

Тағы да оқыңыз: