Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласында 5 қаңтар күні орын алған жаппай тәртіпсіздік кезінде қолды болған әскери қызметкерлерге тиесілі қару табылды.

Тергеу барысында осы іске қатысы бар күдіктінің үйінен әскери қызметшілерге тиесілі 1 дана АК-74 және 1 дана ГП-25 қаруы табылып, қылмыстық іске заттай дәлелдеме ретінде тіркелді.

“Қазіргі таңда қылмыстық Кодекстің бірнеше бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп – тексеру амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау абақтысына оқшауландырылды”, — делінген полиция департаментінің хабарламасында.

Тағы да оқыңыз: