Kyzylorda-news.kz. Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес АҚ Қызылорда облыстық филиалы ХҚКО-ның қалалық №1 бөлімінде «Әділет кеңес береді» атты акция ұйымдастырылды.

Шараға орталық қызметкерлерімен қатар Қызылорда облыстық әділет департаменті тіркеу қызметі саласындағы әдістемелік қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің басшысы Е.Тәжікенов, құқықтық түсіндіру және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің басшысы А.Қосбергенова қатысты. Сонымен қатар аймақтағы бірқатар адвокаттар мен жеке нотариустар қатысты.

Заң өкілдері тұрғындардың толғандырған сұрақтарына жауап берді. Қала тұрғындары біршама құқықтық кеңестерге қол жеткізді.

Тағы да оқыңыз: