Kyzylorda-news.kz. Биыл облыста мәжбүрлі еңбек және 14 жасқа толмаған балалардың еңбегін пайдалану фактілері бойынша жеке және заңды тұлғалардан өтініштер тіркелмеген. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық еңбек саласын бақылау басқармасының басшысы Төреахмет Жолымбетов баяндады.

“Полиция органдарының адам саудасына қарсы күрес желісі мәліметі бойынша жыл басынан бері 5 жеңгетайлық және 1 бас бостандығынан заңсыз айыру қылмыстық іс тіркеліп, тергеу амалдары жүргізілуде. Сонымен қатар, облыс аумағында адам саудасымен байланысты қылмыстарды ескерту, жолын кесу, анықтау және ашу бағытында құзырлы органдарымен бірлескен жедел-іздестіру іс-шараларын өткізудеміз. Яғни, адамдарды еңбекке қанау мақсатында заңсыз бостандығынан айыру деректерін анықтау, жолын кесу бағытында облысымызда 3671 шаруа қожалықтың 2876-сы тексерілді”, – деді Төреахмет Сайлаубайұлы.

Мәжбүрлі еңбек пен адам саудасының құрбаны болмау үшін, миграция қызметіне тіркелу, кез-келген қызметті жасамас бұрын келісім-шарт жасасу, жұмысқа қабылдаушы ұйым мен тұлғалар жайлы хабардар болу, еңбек шартын жасасу, бөтен тұлғаларға ешқашан жеке куәлік пен өзге де жеке құжаттарды бермеу өте маңызды екенін ескерген жөн.

Тағы да оқыңыз: