Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында жыл басынан бері сала бойынша түрлі форматта 8 мыңнан аса мәдени онлайн іс-шара ұйымдастырылды. Сонымен қатар, 8 республикалық, 40 облыстық онлайн конкурс, фестивальдер ұйымдастырылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Мира Абуова мәлімдеді.

“Өздеріңізге белгілі биыл Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығы, Алтын Орданың 750 жылдығы, Абай Құнабайұлының 175 жылдығы, Ұлы жеңістің 75 жылдығы. Осы айтулы күндерді атап өтуге арналған өңірлік іс-шаралар жоспарына сәйкес ауқымды шаралар өткізілді. Атап айтсақ, Е.Төлеубайдың «Абай» трагедиясы, «Абай жолымен» атты республикалық ақындар айтысы, Семей қаласындағы Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби мемориалдық қорық музейінің Қызылорда қаласында «Абай – дана, Абай – дара қазақта» атты жылжымалы көрмесі, жалпыреспубликалық «Музейлер шеруі» акциясы аясында облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Абай музейде» танымдық шарасы ұйымдастырылып, «Абай әлеміне саяхат» атты абайтану бұрышы ашылды. Жалпы бүгінге дейін ұлы ақынның мерейтойына арналған облыс бойынша 612 іс-шара өткізілсе, оның 508-і онлайн форматта ұйымдастырлды”, – деді Мира Рахымжанқызы.

Сондай-ақ, шаралардың барлығын Youtube желісіндегі «Сыр шаңырағы» каналынан барша көрермендеріміз тамашалап отыр.

Тағы да оқыңыз: