Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында осы жылдың 9 айында 160 175 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген. Оның 104 278-не әкімшілік іс бойынша айыппұл салынса, 48986-на ескерту, 1679-на әкімшілік қамау, 255 іс бойынша арнайы құқықтан айыру яғни көлік жүргізу куәлігінен айыру әкімшілік жазалары қолданылған. Ал, 65 шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарылған.

Сондай-ақ, облыс көлеміндегі әкімшілік істерді қарауға құзырлы органдармен «Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімі» мобильді қосымшасы арқылы жүргізілуде. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Қызылорда облысы бойынша басқармасының азаматтық және әкімшілік салалардағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру бөлімінің аға прокуроры Ғалымжан Тілеужан мәлімдеді.

«Биыл облыста 295 жол көлік оқиғасы тіркелген, жолдағы апт саны өткен жылмен салыстырғанда 22,1%-ға азайған. Зардап шеккен адамдардың саны 430, олардың 362-і жарақат алса, 68-і қаза тапқан. Тағы бір айта кететін жайт тіркелген жол-көлік оқиғалары бойынша жалпы мәліметтерді комитет әзірлеген «Жол-көлік оқиғалары картасы» аналитикалық жүйесінен алуға болады. Аталған карта келесі қағида бойынша жұмыс жасайды. Орын алған жол-көлік оқиғаларына қатысты мәліметтер полиция органдарында тіркеліп, ақпараттық жүйеге енгізіледі. Осы уақыттан бастап, картада ақпараттар пайда болады, онда ЖКО орын алған күні, уақыты, мекен-жайы, жарақат алған немесе қайтыс болған адамдар саны, ЖКО бойынша бұзушылық түрі және т.б көрсетіледі», – деді өз сөзінде Ғалымжан Тілеужан.

Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты 9 айда 1318 тексеру тіркелген. Айта кету керек, 2017 жылдың наурызынан бастап кәсіпкерлерге арналған «Qamqor» ұялы қосымшасын іске қосылған болатын. Аталған қосымша арқылы кәсіпкерлер өздеріне қатысты жүргізілетін тексерулердің негізділігін зерделеп, тиісті мәлімет алуға мүмкіндігі бар. Онда QR кодты оқитын функционалы болады. Кәсіпкер аталған кодты сканерлеп, тексерушінің тексеру мерзімі мен түрі туралы және т.б. нақты ақпаратты көріп, оны қағаз үлгідегі тексеру тағайындау туралы актісімен салыстырып және тексеру аяқталған соң, қосымша арқылы көрсетілген бұзушылықтар туралы тексеру қортындысымен таныса алады.

Тағы да оқыңыз: