Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында коронавирусқа екпені 77751 адам салдырды. Ал екінші дозасын 20901 адам қабылдады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбит Пазилов баяндады.

«Өңірде отандық және шетелдік ғалымдардың жасаған екпелерінің қоры жеткілікті. Сондай-ақ, жылжымалы егу бригадалары халыққа қолжетімді жерлерде және шалғай ауыл-аймақтарды аралап вакцина салуда. Қазір өңірде эпидемиологиялық ахуал тұрақталып келеді. Қалыпты өмірге қайта оралу үшін сақтық шарасына мән беріп, екпе салдырайық»,- деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбит Пазилов.

Соңғы тәулікте облыста коронавирус инфекциясын 24 адам жұқтырды. Қазір аймақ бойынша инфекциялық стационарда 392 науқас, реанимациялық бөлімде 44 науқас ем қабылдауда.

Тағы да оқыңыз: