Kyzylorda-news.kz. ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен “Жүрек жылуы” республикалық акциясы аясында ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі қасиетті Рамазан айының құрметіне орай “Ауызашар қоржыны” атты қайырымдылық шарасын өткізуді қолға алды.

Рамазан айына қадам басарда қала бойынша 200 отбасыға азық-түлік өнімдері салынған “Рамазан қоржындарын” тарту еткен Сыр имамдары қасиетті айдың екінші жұмасында да 600 отбасыға азық-түлік, 50 отбасыға 432 кг ет үлестіріп, облыс бойынша 650 отбасыны қуанышқа бөледі. Берекелі ай басталғалы аймағымыз бойынша жалпы алғанда 850 отбасыны қамтыған акцияның демеушілері – жергілікті кәсіпкерлер мен сауаптан үміткер ерікті жамағаттар.

Айта кетейік, Бас имам Болатбек Ұласқанұлы Рамазан алдындағы баспасөз мәслихатында төтенше жағдайға байланысты мешіттерде ауызашар берілмейтіндіктен, ауызашар дастарқанына қажетті азық-түлікпен қамтасыз ету мақсатында облыс көлемінде “Ауызашар қоржыны” атты қайырымдылық акциясы өтетінін хабарлаған болатын. Аталмыш акция әлі де жалғасын тауып, бір ай бойы жүзеге асыралатын болады.

Тағы да оқыңыз: