Kyzylorda-news.kz. Өңірде жыл басынан бері жол қозғалысы ережелерін бұзудың 64 797 дерегі тіркеліп, тиісті шаралар қолданылды. Оның ішінде, 174-і қарсы бағытқа шығу, 946-ы автокөлікті мас күйінде және 5 441-і автокөлікті құжатсыз басқару. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыстық полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы Шамшидин Амитов мәлімдеді.

«Автокөлікті мас күйде басқарған 946 жүргізуші ұсталып, оның 413-і әкімшілік қамауға алынды. Сондай-ақ, жыл басынан 221 жол-көлік оқиғасы тіркелсе, оның 18-і мас жүргізушінің кінәсінан болып, нәтижесінде 7 адам қайтыс болды, 23 адам жарақат алды. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, апаттардың алдын алу мақсатында жүйелі түрде профилактикалық шаралар жүргізілуде»,-деді Шамшидин Егенбердіұлы.

Сондай-ақ, үстіміздегі жылдың 5-8 тамыз аралығында облыста « Мотоцикл» шарасы өткізілді. Нәтижесінде 224 әкімшілік құқық бұзушылық анықталса, оның ішінде мас күйде мотоцикл басқарудың 6 дерегі тіркеліп, 51 мотоцикл айып тұрағына қойылды.

Тағы да оқыңыз: