Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласында 62 жасөспірімнің ата-анасына әкімшілік хаттама толтырылды.

Қала аумағында жасөспірімдер арасында қылмыстардың алдын-алу және қоғамға жат іс-әрекеттер жасауға бейім қадағалаусыз және қараусыз қалған, түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз деректерін анықтау мақсатында Қызылорда қалалық Полиция басқармасының ювеналды полиция бөлімінің қызметкерлері «Жасөспірім» жедел профилактикалық іс шарасы аясында күнделікті рейдттік шара өткізуде.

Нәтижесінде, 13-16 қыркүйек аралығында 62 жасөспірім жеткізілді. Оның ішінде 37 жасөспірім ата-анасыз тұрғын-жайдан тыс жерде сағат 23-тен таңғы 6-ға дейін жүргені анықталды. Оларға әкімшілік шара көрілді. Сонымен қатар бір кәмелетке толмаған жасөспірімнің қылмыс жасауына жол беру дерегі анықталды.

Басқарманың профилактикалық есебіне 6 ата-ана қолайсыз отбасы есебіне қойылды. Сондай-ақ басқарманың профилактикалық есебіне 4 жасөспірім алынды. Полиция қызметкерлері қала аумағында кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта үйден тыс жерлерде болуын анықтауға бағытталған рейдтік алдын-алу іс-шараларын өткізуде. Барлық анықталған тәртіп бұзушылық фактілері бойынша кәмелетке толмағандардың ата-аналары немесе заңды өкілдері жауапкершілікке тартылады.

Тағы да оқыңыз: