Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы аумағында «Браконьер» жедел профилактикалық шарасы өтуде.
Жеті күннің нәтижесімен табиғат қорғау заңнамаларын бұзудың 59 дерегі тіркелді. Оның 1-уі қылмыстық және 58 әкімшілік құқық бұзушылықтар.
Жануарлар дүниесiн пайдалану талаптарын және аң аулау қағидаларын бұзудың 28 дерегі, балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзудың 6 дерегі тіркелді. Олар бойынша тиісті заң шеңберінде тиісті шаралар қолданылуда.
Браконьерлікті, биологиялық ресурстар объектілерінің заңсыз айналымын анықтау, жолын кесу мақсатында өткізіліп жатқан іс-шара 11 қарашаға дейін жалғасады.