Kyzylorda-news.kz. Бүгін жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық, қалалық кезеңі басталды. Білім жарысын Қызылорда облыстық білім басқармасы ұйымдастырды.

Олимпиада жаратылыстану-математика, қоғамдық-гуманитарлық бағыттардағы 16 пән бойынша өткізілуде. Оған барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, 7 аудан мен Қызылорда қаласынан 5500-ден астам оқушы қатысты.

Олимпиаданы ашық өткізу мақсатында барлық пән бойынша кабинеттерде камера орнатылып, емтихан барысы YouTube желісі, ZOOM платформасы арқылы тікелей эфирден көрсетілуде.

Тағы да оқыңыз: