Kyzylorda-news.kz.  Алдағы 5 жылда Қызылорда қаласында 6 бірдей мектеп бой көтеретін болады.

Атап айтар болсақ, Саяхат шағын ауданында 300 орындық, Бәйтеректе 600 орындық, СПМК-да 300 орындық, Арай 3 мөлтек ауданында 600 орындық, Сырдария өзенінің сол жағалауында 900 орындық, Қызылжарма ауылында 900 орындық мектептер.

Бұдан бөлек, Қызылорда қаласында 3 жеке меншік мектеп ашылады. Сонымен қатар кезең-кезеңімен 54 білім беру объектісінде күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізілетін болады. Бұл жайлы үгіт-насихат жұмыстарымен Қызылорда қаласында болған ҚР Парламенті Сенатының депутаты Дана Нұржігіт «Болашақ» университетінің профессор –оқытушылар құрамымен болған кездесуде айтты.

Кезедсуге «Nur Otan» партиясы атынан Қызылорда облыстық мәслихат дептаттығына үмткерлер Наурызбай Байқадамов пен Қылышбай Алдабергенов, Мемлекет және қоғам қайраткері Бақберген Досманбетов қатысты.

«Білімі дамыған, азаматы білікті ел ғана дамудың даңғыл жолына түсе алады. Бұл үшін біз бастапқы мектеп, колледж, университеттегі жағдайларды жақсартуымыз қажет. Бұл бағытта партиямыздың сайлауалды бағдарламасында басымдықтар көрсетілген. Нәтижесінде 2025 жылға қарай ҰБТ-да 100 және одан да көп балл жинаған мектеп түлектерінің үлесі 23%-ға дейін артады деп жоспарлануда. Мұғалімдер біліктілігін арттыру да маңызды мәселелердің бірі. Бұл бағытта сіздердің де еңбектеріңіз маңызды. Сол себепті де болашақ педагогтарды дайындап шығарушы Сіздердің алдарыңызға келіп отырмыз»,- деді Қылышбай Алдабергенов.

Жиында сайлауалды бағдарламаның білім бағытында байыпты бастамалары ұстаздар қауымына насихаталып, үгіт парақшалары таратылды.

Өз кезегінде сайлаушылар сауалдарын жолдап, партияға сәттілік тіледі.

«Nur Otan» партиясы Қызылорда облысының

Сайлау қорының қаражатынан төленді

Тағы да оқыңыз: