Қызылордада 53019 адамға мемлекеттік әлеуметтік көмек көрсетілді – Kyzylorda News
Басты бет

Қызылордада 53019 адамға мемлекеттік әлеуметтік көмек көрсетілді

22.06.2021, 10:20

394 0

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында жыл басынан бері 53019 адамға мемлекеттік әлеуметтік көмек төленді. Мұнан өзге, қаржылай көмек алушылардың қатарындағы еңбекке жарамды 1024 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Мейрамбек Әбдікәрімов мәлімдеді.

«Өңірде 29 мыңнан астам көп балалы отбасы бар. Мемлекет тарапынан көп балалы аналардың беделін арттыру, мүгедектігі бар жандарды және аз қамтылған отбасыларды қолдау мақсатында жәрдемақылар мен төлемдер жүйесі қарастырылған. Яғни, жыл басынан бюджеттен 56 840 аз қамтамасыз етілген азаматқа 1638,2 млн. теңге көлемінде әлеуметтік көмек төленді», – деді Мейрамбек Жақсылықұлы.

Сонымен қатар, жеке кәсіпкерлер көмекке мұқтаж 6 564 адамға қаржылай қолдау көрсеткен. Бұған қоса, 7 отбасы тұрғын-үймен қамтамасыз етілген.

0

Пікір қалдыру