Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласында 5 млн. теңгенің құрылыс заттарын ұрлаған күдікті қолға түсті.

​16 сәуір күні Қызылорда қаласының тұрғыны Полиция басқармасының кезекші бөліміне келіп, меншік үйдің ауласында тұрған жалпы құны 5 миллион теңге тұратын құрылыс заттарын ұрлап кеткендігі жөнінде арыз берген болатын.

​Ұрлыққа қарсы бағдарлама барысында тәртіп сақшылары 45 жастағы қала тұрғынын анықтап, оны қолға түсірді.

​Аталған дерек Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің кодексінің188-бабы 3-бөлігінің 1 – 3 тармағымен (Ұрлық яғни, ірi мөлшерде, тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кiрумен жасалған ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тағы да оқыңыз: