Kyzylorda-news.kz. ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған “Жүрек жылуы” республикалық акциясы аясында діни басқарманың Сыр өңіріндегі өкілдігінің ұйымдастыруымен кезекті 400 отбасынаа “Ауызашар қоржыны” табысталды.

Рамазан айының құрметіне орай жасалған қайырымдылық шарасында аймақтың Бас имамы Болатбек Ұласқанұлы бастаған Сыр имамдары мен ерікті жамағаттары әлеуметтік жағдайы аз қамтылған көп балалы және қала көшелерін тазалау қызметінде жұмыс жасайтын 400 отбасыға азық-түлік өнімдері салынған “Рамазан қоржындарын”, қосымша 40 отбасына 1 тонна күріш үлестірді.

Берекелі ай басталғалы бері аталған акция аясында жалпы облыс бойынша 1400 отбасына “Ауызашар қоржыны”, 50 отбасына 432 кг ет, 40 отбасыға 1 тонна күрішпен көмек көрсетілді.

Тағы да оқыңыз: