Kyzylorda-news.kz. Қаңтар айында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен «Күшіміз бірлікте» қайырымдылық акциясы бастау алған болатын.

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры жүзеге асырған игі шара Қызылорда облысында да жалғасын тауып, өкілдіктің ұйымдастыруымен өңірге қарасты Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Жаңақорған аудандары және қалалық «Ақмешіт-Сырдария», «Айтбай», «Сұлтан», «Алдажар Жәме» мешіттерінің белсенді қызметкерлері мен ерікті жамағаты 400 отбасыға бір айлық азық-түлік қоржынын табыстады.

Республикалық акцияға үлес қосып, мұқтаж жандарға демеу болған Сыр имамдары көмек алған жандардың алғыстарына бөленді.

Тағы да оқыңыз: