Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысының тұрғыны 2018 жылдың қазан айында 48 жастағы туған інісінің тұрғылықты үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмаған.

Аталған дерек бойынша жедел іздестіру жұмыстары жүргізілді. Қармақшы аудандық полиция бөлімінің криминалды полиция бөлімшесінің жедел уәкілдері 6 сәуірде хабар-ошарсыз кеткен азамат Түркістан облысынан табылды. Ол Түркістан қаласында вокзал маңында жүрген.

«Қазіргі таңда ол Қармақшы аудандық полиция департаментіне жеткізіліп, інісіне тапсырылды. Белгілі болғандай, жүйке ауруымен ауыратын бұл азамат алдында да үйінен кетіп қалып жүрген.  Сұрастыру барысында, жоғалған ер адам осыған дейін Алматы қаласында мал шаруашылығында  жүріп, мал бағып күнін көргендігін айтуда», – делінген полиция департаментінің хабарламасында.

Тағы да оқыңыз: