Қызылордада 25 мамырдан бастап дүкендер мен базарлар жабыла ма? – ресми орган жауабы – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Қызылордада 25 мамырдан бастап дүкендер мен базарлар жабыла ма? – ресми орган жауабы

22.05.2020, 18:00

4678 0

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті WhatsApp мессенджерлері мен әлеуметтік желілерде тарап жатқан «25 мамырдан бастап төтенше жағдай енгізіледі» сарындағы ақпаратқа нақты жауап береді.

Атап айтсақ, облыста коронавирус бойынша эпидемиологиялық ахуал тұрақсыз. Ауру жұқтыру жағдайлары әлі де тіркелуде. Халықтың тыныс-тіршілігін қалпына келтіру мақсатында экономиканың жекелеген салалары мен нысандарының жұмысына күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режиммен кезең-кезеңмен рұқсат берілуде.

Алайда күнделікті жүргізілетін мобильді топтың рейдтері барысында анықталғандай, бірқатар нысандарда санитарлық-дезинфекциялық талаптар сақталмайды, қауіпсіздік шараларына бей-жай қарайтын тұрғындар да жоқ емес.
Сақтық шараларына салғырттық таныту ауру өсімінің өршуіне алып келеді. Бұл өз кезегінде карантиндік режимді күшейтуге,тіпті жекелеген нысандарды қайта карантинге жабуға себеп болуы әбден мүмкін.

Карантиндік режим қайтадан күшейтіледі деп нақты айту қиын. Барлығы эпидемиологиялық ахуал динамикасына байланысты.

Ал эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына және адамдардың тыныс-тіршілігіне қажетті нысандардың тұрақты жұмыс жасауына бірден-бір үлес қосатын әрбір тұрғынның өзі, яғни қойылған санитариялық ережелер қатаң сақталған жағдайда ауруды өршітуге жол берілмейді. Сондықтан тұрғындарды санитарлық-эпидемиологиялық, санитарлық-дезинфекциялық талаптарды орындауға шақырамыз.

0

Пікір қалдыру