Kyzylorda-news.kz. Қызылордада құрбан айт мерекесіне орай 226 аз қамтылған және тұрмыс жағдайы төмен отбасыға азық-түлік қоржыны берілсе, 4 аурухана қызметкері мен ем алып жатқан 1650 адамға құрбан етінен дайындалған ыстық тамақ таратылды.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте Қызылорда облысының бас имамы Болатбек Абуов мәлімдеді.
“Құрбан айт мерекесінде облыс бойынша 4 түйе , 124 ірі қара, 714 қой, 95 тоқты құрбандыққа шалынып, 7261 отбасыға , «Атамекен» отбасылық үлгідегі балалар ауылына, Қарттар үйіне және «Зағиптар» қоғамының 111 мүшесіне 35 тонна 960 кг құрбан еті үлестерілді. Мұқтаж жандарға өз үйінен құрбан шалып, аманаттаған жерлестеріміздің де еңбегі зор”, – деді Болатбек Ұласқанұлы.