Қызылордада 20 отбасы баспаналы болды – Kyzylorda News
Басты бет

Қызылордада 20 отбасы баспаналы болды

01.05.2021, 16:00

495 0

Kyzylorda-news.kz. Бүгін баспанасы апаттық жағдайда тұрған қызылордалық 20 отбасы қоныс тойын тойлады.

1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі қарсаңында қала әкімі Ғанибек Қазантаев Мемлекет және қоғам қайраткерлері Бақберген Досманбетов және Қожахмет Баймахановпен бірге тұрғындарға жаңа пәтер кілттерін табыстап, қуаныштарын еселеді.

Игі шарада шаһар басшысы пәтер иелерін Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен және жаңа қоныстарымен құттықтап, қаланың құрылыс қарқынына, саладағы жетістіктеріне тоқталып, биыл қаламызда 1 500 – ге жуық тұрғын баспаналы болатындығын жеткізді. Сонымен қатар «Жалпы Қызылорда қаласы бойынша 24 мың 810 азамат үй кезегінде тұрса, оның ішінде баспанасы апаттық жағдайда тұрған 234 отбасы. Биыл 121 отбасыны тұрғын үймен қамтуды жоспарлап отырмыз. Қалған 113 жанұя келер жылы қоныс тойын тойлайтын болады. Осылайша апаттық үй кезегінде тұрған азаматтардың мәселесі екі жыл көлемінде толық шешіледі», – деді.

Айта кетейік, ағымдағы жылы Сырдария өзенінің сол жағалауында арендалық 680 пәтерлік 14 тұрғын үй және жеке инвестордың өз қаражаты есебінен салынып жатқан 38 пәтерлік 1 үйді пайдалануға беру жоспарлануда. Сонымен қатар өткен жылы СПМК-70 мөлтек ауданынан «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында құрылысы басталған 640 пәтерлік 13 тұрғын үй де пайдалануға берілетін болады.

Мереке қарсаңында қуанышы еселенген жанның бірі – Ақтолғай Өтегенова.

«Бүгін біз үшін қос мереке қатар келіп, үлкен қуанышқа кенеліп отырмыз», – деген көп балалы ана үй кезегіне 2019 жылы тіркеліп, екі жылда жаңа баспанаға ие болғандығын айтты.

Жаңа қонысқа ие болған Вилия Шернюте болса бүгінгі қуанышына себепші болған қала басшылығы мен Сыр құрлысшыларына өзінің алғаусыз алғысын айтып, бараша қазақстандықтарды бүгінгі мерекемен құттықтады.

Баспаналы болған тұрғындарға Қызылорда қаласының құрметті азаматы Бақберген Досманбетов бата беріп, қоныс иелері қала әкімімен және ел ағаларымен бірге «Табиғат – менің өз үйім» атты экологиялық акциясы аясында тал көшеттерін отырғызды.

0

Пікір қалдыру